АЧ-2023: Дархан Есенғали еркін күрестен алтын медаль иеленді

Сурет: Instagram/kazakhstan__wrestling
Еркін күрестен Азия чемпионатының бүгінгі кешкі сессиясы сәтті басталды. Дархан Есенғали Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медальды салды, деп хабарлайды Zakon.kz.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз Дархан Есенғали финалдық жекпе-жекте жапон балуаны Кирин Киношиттаны 7:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Осылайша, Дархан Есенғали да Азия чемпионы атанды.

Бір күн бұрын Санжар Досжанов пен Болат Сақаев алтын медаль иегерлері атанған болатын. 

Біраз уақыттан кейін Азия чемпионы атағы үшін тағы үш балуанымыз таласатын болады. Олар - Азамат Дәулетбеков (86 кг), Ризабек Айтмұхан (92 кг) және ауыр салмақтағы Жүсіп Батырмұрзаев (125 кг).

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды