IBA қазақ жігітінің жойқын нокаутына әбден тәнті болды

Сурет: sports.kz
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Ташкентте (Өзбекстан) бокстан өтіп жатқан 2023 жылғы Әлем чемпионатында мерзімінен бұрын ойынды аяқтауға түрткі болған Қытай қазағы Таңатхан Тоқтарбектің соққысына реакция білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 мамырда 80 келіге дейінгі салмақтағы 1/8 финалда Тоқтарбек екінші раундта мысырлық Абдельгаввад Салахты нокаутқа жіберген болатын. IBA өзінің Instagram парақшасында осы ойынның ең әсерлі сәтінің видеосын жариялап, оның сипаттамасына оттың белгісін белгілеп қойды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мұны IBA тарапынан ойынға берілген жоғары баға деп қабылдаса да болады.

Айта кетсек, 10 мамырда ширек финалда Таңатхан Тоқтарбек кубалық ең мықты боксшы Арлен Лопесті сенсациялық түрде жеңіп, жартылай финалға шықты.

Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме