Әлемнің үздік теннисшілерінің рейтингі жаңарды
Сурет: j48tennis
Цинциннатидегі WTA 1000 турнирінің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы әлемдік рейтинг жаңартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Рейтингтің алғашқы екі сатысында өзгеріс жоқ: оларды Арина Соболенко мен Елена Рыбакина иеленіп отыр.
Ресейлік Мирра Андреева жарыстың төртінші айналымына дейін жетіп, үздік бестікке қайта оралды. Ал былтырғы титулын қорғай алмаған Ига Швёнтек сегізінші орынға түсті.
Қазақстанның екінші ракеткасы Юлия Путинцева 81-орында тұр. Соня Жиенбаева 384-орынға, ал Жібек Құланбаева 474-орынға жайғасты.
Айта кетейік, АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жеңімпазы америкалық теннисші Коко Гауфф атанды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
