Кори Гауфф Цинциннатидегі WTA 1000 турнирін екінші рет жеңіп алды
Сурет: Instagram/cocogauff
Америкалық теннисші Кори Гауфф АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz мәліметінше, жекелей сындағы финалдық кездесуде әлемнің төртінші ракеткасы отандасы, әлемдік рейтингте үшінші орында тұрған Джессика Пегуланы 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 15 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде 22 жастағы Гауфф екі эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және алты брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды. Ал оның 32 жастағы қарсыласы эйс жасай алмады, бір рет қосарланған қателік жіберіп, өзіне берілген екі брейк-пойнттың екеуін де пайдаланды.
Цинциннатидегі әйелдер арасындағы турнир 13-23 тамыз аралығында өтті. Жекелей сындағы жалпы жүлде қоры 7,4 млн долларды (шамамен 3,3 млрд теңге) құрады.
Бұған дейін Кори Гауфф бұл "мыңдық" турнирді 2023 жылы жеңіп алған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript