Елена Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің ширек финалына өтті

Елена Рыбакина, теннис, матч, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2026 10:33 Сурет: ktf.kz
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің төртінші кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz басылымының мәліметінше, ширек финал жолдамасы үшін әлемнің екінші ракеткасы ресейлік Диана Шнайдерді (әлемнің 14-ракеткасы) екі сетте 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 27 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Рыбакина жеті эйс жасап, төрт рет қосарланған қателік жіберді және үш брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Ал Шнайдер бір рет эйс жасап, екі қосарланған қателікке жол берді және өзіне берілген жеті брейк-пойнттың ешқайсысын жүзеге асыра алмады.

Ширек финалда Елена Рыбакина әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған польшалық Ига Швентекпен кездеседі.

Цинциннатиде әйелдер арасындағы WTA 1000 турнирінің қазіргі чемпионы да – Ига Швентек. Өткен жылғы финалда ол италиялық Жасмин Паолиниді 7:5, 6:4 есебімен жеңген.

Елена Рыбакина 18 тамызға қараған түні Цинциннатидегі әйелдер арасындағы "Мастерс" турнирінің төртінші кезеңіне өткен. Ол үшінші айналымда польшалық теннисші Магдалена Френхті жеңген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: