Ролан Гаррос: Рыбакинаның алғашқы матчтағы қарсыласы белгілі болды

Сурет: Getty Images
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Франция ашық чемпионатындағы ("Ролан Гаррос-2023") алғашқы кездесуінде чехиялық теннисші Бренда Фругвиртовамен ойнайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бренда Фругвиртова WTA рейтингінде 146-орында тұр. Айтпақшы, теннисші небәрі 16 жаста.

Матч ертең, 28 мамырға жоспарланған.

Ал тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бірінші раундта бельгиялық Марина Заневскаямен ойнайды. Юлия Путинцева мұның алдында Рабаттағы (Марокко) турнирдің ширек финалында аргентиналық теннисші Хулия Риерадан жеңілген еді.

Сонымен бірге ерлер арасындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің де алғашқы матчтағы қарсыласы белгілі болды. Ол италиялық теннисші Джулио Зеппьеримен ойнайтын болды.

Ал Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов алғаш рет теннистен 2023 жылғы Франциядағы ашық чемпионаттың негізгі кезеңінде өнер көрсетеді. Ол кеше, 26 мамырда іріктеу кезеңінің финалында бразилиялық Фелипе Мелиген Альвесті жеңді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды