Мбаппе төртінші маусым қатарынан Францияның үздік футболшысы атанды

Сурет: Instagram/k.mbappe
"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Килиан Мбаппе төртінші рет қатарынан Франция футбол біріншілігінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ПСЖ" шабуылшысына 2022/23 жылғы маусымның үздік ойыншысы атағын Франция футбол құрамасының бас бапкері Дидье Дешам табыс етті. Мбаппе бұған дейін бұл сыйлықты 2019, 2021 және 2022 жылдары алған еді. Бұл жүлдеге Лионель Месси ("ПСЖ"), Джонатан Дэвид ("Лилль"), Секо Фофана және Лои Опенда (екеуі де "Ленстен") үміткер болды.

Килиан Мбаппе осы маусымда Бірінші лиганың 33 ойынында 28 гол соғып, бес нәтижелі пас берді, бұл оған чемпионатта гол салғандар тізімінде көш бастауға мүмкіндік берді. Жүлдені алған  соң футболшы мәлімдеме жасады.

"ПСЖ-дағы барлық қызметкерлерге рахмет, клуб үшін осы ойыншылармен бірге ойнау – зор мәртебе. Мен әрқашан жеңіске жетіп, есімімді чемпионат тарихында қалдырғым келді. Мен осындамын және одан ләззат алып, ойыншы ретінде шыңдалып, пайдасын көріп отырмын. Мен келесі жылы осында боламын әрі өте бақыттымын". Килиан Мбаппе

Осылайша, Франция құрамасының көшбасшысы "Реалға" ауысатыны жөніндегі қаеусетке нүкте қойды. Бұдан бөлек Мбаппе маусым қорытындысы бойынша Франция чемпионатының символдық командасына енді. Команда құрамында "ПСЖ"-ның үш ойыншысы – Ашраф Хакими, Нуну Мендеш және Лионель Месси бар.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды