Франциядан шыққан жас талант NBA-ның ең бойшаң ойыншысы атанды

Сурет: Instagram/wemby
Қазір бүкіл баскетбол әлемінің назары Ұлттық баскетбол қауымдастығының спортшыларды іріктеу шарасына ауып отыр. Бойы 2 метр 23 см болатын француз командасының орталық ойыншысы Виктор Вембаньяма "Сан-Антонио Сперстің" бірінші нөмірлі ойыншысы болып таңдалып алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзінше ерекшелікке ие француз ойыншысы Вембаньяма әрқашан өзінің дене бітімімен өзгелердің назарын өзіне аударатын: салмағы - 95 кг, бойы - 223 см. Бұл оның Лига аясындағы ең ұзын бойлы баскетболшылардың бірі екенін білдіреді. ESPN инсайдері Брайан Уиндхорсттың мәліметінше, 19 жастағы француздың кроссовкасының өлшемі - 226 см. Осылайша ол NBA-ның ең бойшаң ойыншыларының тізімінде бірінші болып тұр. 

"Аяқ-киімсіз менің бойым - 221 см. Мен ешқашан аяқ-киім киіп, бойымды өлшеп көрмеппін. Ал кроссовка кисем, шамамен 225-226 см болатын сияқтымын".Виктор Вембаньяма


Әлемдегі ең үздік баскетбол лигасының алыптар тізіміне Бобан Марьянович пен Кристапс Порзингис енеді, олардың бойы - 221 см. Вембаньяма - NBA драфтында бірінші нөмір берілген екінші еуропалы, бұған дейін 2006 жылы "Торонто" итальяндық Андреа Барняниді бірінші нөмірлі спортшы ретінде таңдап алған болатын.

Виктор Вембаньяма Францияда "Метрополитан" клубы сапында өнер көрсеткен. Ойыншы екі рет француз чемпионатының үздік жас баскетболшысы атанды, ал 2023 жылы ел чемпионатының қорытындысы бойынша ең құнды ойыншы және турнирдің үздік мергені ретінде танылды.

Ол 2022 жылы Франция чемпионы атанды, сонымен қатар Франция құрамасында 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасында 2021 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады