UFC турнирінде Жалғас Жұмағұлов Джошуа Ваннан жеңіліп қалды

Сурет: Instagram/ufcnewsalerts
Түнде АҚШ-тың Джексонвилл қаласында VyStar Veterans Memorial алаңында 57 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов пен америкалық Джошуа Ван өзара бақ сынасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жекпе-жек барлық үш раунд бойы жалғасып, қазылардың ішінара шешімімен Ван жеңіске жетті. 

34 жастағы Жұмағұлов үшін бұл жеңіліс әлемнің беделді ұйымы аясындағы алтыншысы болды. Соңғы үш жекпе-жекте қазақстандық спортшы қазылардың жекелеген шешімімен жеңіліске ұшыраған еді. Ал 21 жастағы Джошуа Ванның бұл UFC-дегі дебюті болды.

Жұмағұлов өткен аптада UFC Vegas 75 турнирінде Фелипе Бунеске қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол өтпей қалды, өйткені қарсыласы денсаулығына байланысты проблемалар туындағанын жеткізді. UFC матчмейкерлері тез әрекет етіп, Бунестің орнын алмастыратын адамды тапты. 

Джексонвиллдегі шоудың басты кеші жеңіл салмақтағы чемпион титутын сарапқа салған америкалық Джош Эмметт пен грузин Илия Топурияның шайқасы болды.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі