Қазақстандық жұп батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының финалына шықты

Батуттағы гимнастика, әйелдер, Қазақстан, Әлем кубогы, финал , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 13:15 Сурет: olympic.kz
Қазақстан батуттағы гимнастикадан Арозада (Швейцария) өтіп жатқан Әлем кубогының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйелдер арасында синхронды секіру бағдарламасында Виктория Бутолина мен Евгения Чернышева ақтық сынға жолдама алды.

Сондай-ақ Ерлан Тасмағамбетов жекелей сайыстың алғашқы іріктеуінде сәтті өнер көрсетіп, екінші кезеңге өтті.

Айта кетейік, әйелдер арасындағы финал ертең, 28 маусымда өтеді.

Бұған дейін Денис Сергиенко маунтинбайктан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: