Батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті - Қазақстан құрамасының нәтижесі

Батуттағы гимнастика, Әлем кубогының кезеңі, Парагвай, Қазақстан құрамасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2026 19:28 Сурет: olympic.kz
Португалияның Коимбра қаласында батуттағы гимнастикадан Әлем кубогының кезеңі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы сапында ерлер арасындағы жекелей секірулерде Никита Тумаков 35-орын, Ерлан Тасмағанбетов 46-орын, Роман Барков 49-орынға жайғасты.

Әйелдер арасындағы жекелей сайыста Евгения Чернышева 35-орыннан көрінсе, Виктория Бутолина 46-орынға тұрақтады.

Ал синхронды секіруде Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағанбетов 13-орынға табан тіресе, Виктория Бутолина және Евгения Чернышева 16-орынмен жарысты аяқтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: