Рыбакинаны жеңген Тунис теннисшісі Уимблдонның финалына өтті

Сурет: wimbledon.com
Тунис теннисшісі Онс Жабер екінші жыл қатарынан Уимблдон финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жартылай финалдық кездесуде әлемдік рейтингіде алтыншы орында тұрған Жабер әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисші Арина Соболенконы 6:7 (5:7), 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Кездесу 2 сағат 19 минутқа созылды.

Жабер матч кезінде екі эйс пен үш қос қателік жасады және 10 брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. Ал Соболенко 10 эйс пен 5 рет қос қателік жасап, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланды.

Жабер чемпиондық атақ үшін Чехия өкілі Маркета Вондроушовамен ойнайды. Былтыр Онс Жабер финалда Қазақстан атынан шыққан Елена Рыбакинадан үш сетте жеңіліп қалған еді. Осы жылы Қазақстанның бірінші ракеткасы Уимблдонның жартылай финалына өте алмады, өйткені ширек финалда Тунис теннисшісі Онс Жаберден жеңіліп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі