Қазақстандық спортшы Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалға шықты

Қазақстандық спортшы Азия ойындарында ушу-саньдадан ширек финалға шықты , сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2026 13:47 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық спортшы Абдурашид Абдуллаев Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарындағы ушу-саньда турнирінің 1/8 финалына қатысты. Отандасымыз 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

1/8 финалда Абдурашид Лаос спортшысы Анонг Теунчалеунды жеңіп, осылайша жарыстың ширек финалына жолдама алды.

ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 52 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Аян Тұрсын да ширек финалға шықты.

Бұған дейін Азия ойындарында Қазақстанның үстел теннисінен Сингапурды жеңгені туралы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: