Александр Бублик әлемнің 25-ракеткасы атанды

Сурет: instagram.com/bublik/
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингті жария етті. Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 26-дан 25-орынға көтерілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл – оның әлемдік рейтингтегі үздік көрсеткіші.

Жалпы, қазақстандық теннисшілер рейтингте өз көрсеткіштерін жақсарта алды.

Тимофей Скатов 136-дан 131-ге, Михаил Кукушкин 229-дан 227-ге, Бейбіт Жұқаев 270-тен 258-ге, Астанада Президент кубогы үшін челленджер турнирінің жеңімпазы атанған Денис Евсеев 412-ден бірден 340-қа, Дмитрий Попко 375-тен 370-ке жоғарылады.

Жұптық сында Александр Недовесов 45-орнын сақтап қалса, Андрей Голубев 82-ден 83-ке сырғыды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі