Елена Рыбакинаның Цинциннатиде өтіп жатқан турнирдегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Сурет: WTA/Jimmie48
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Zakon.kz sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы турнирді екінші айналымнан, 1/16 финалдық кезеңде бастайды. Ол бұл кезеңде латвиялық теннисші Елена Остапенкомен ойнайды. Латвиялық алғашқы кезеңде чех спортшысы Каролина Плишкованы үш сетте жеңген.

Кездесу 16 тамызға, Астана уақытымен сағат 20:00-ге жоспарланған.

Еске салайық, Елена Рыбакина Канаданың Монреаль қаласында өткен турнирдің жартылай финалында ресейлік теннисші Людмила Самсоновадан 6:1, 1:6, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған