Бибісара Асаубаева Қазақстанның ең үздік шахматшысы атанды

Сурет: Instagram/bibisarachess
Қазақстанның үздік шахматшылары рейтингіcінің көшін 19 жастағы Бибісара Асаубаева бастап тұр. Ол бұл мүмкіндікке Әбу-Даби фестивалінде жеткен жеңісінен кейін ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әбу-Дабиде шахматтан өткен ірі фестиваль өз мәресіне жетті. Бибісара Асаубаева әйелдер арасында чемпион атанды. Бұл туралы in Aktau сайты өңірдегі мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фестиваль барысында Асаубаева мүмкін 9 ұпайдың 5,5 ұпайын жинады. Осы көрсеткіші арқылы 19 жастағы отандасымыз еліміздің шахматшылар рейтингісінде бірінші орынға бір-ақ көтерілді.

Сәуір айында блиц бойынша екі дүркін әлем чемпионы, гроссмейстер Бибісара Асаубаева Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағын алды. Ол мұндай атаққа ие республикамыздағы алғашқы шахматшы.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы