Елена Рыбакинаның US Open турниріндегі келесі қарсыласы белгілі болды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакинаның US Open турнирінің екінші айналымындағы қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елена Рыбакина US Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 127-ракеткасы, аустралиялық теннисші Айла Томляновичпен ойнайды. Ол бірінші кезеңде венгриялық теннисші Панна Удвардиді жеңді.

Қазақстандық және аустралиялық теннисшілердің матчы 30 тамызға жоспарланған.

Айта кетейік, Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 39-орында тұрған украиналық Марта Костюкпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда Рыбакина 2:0 есебімен алға шықты. Бұдан кейін Марта Костюк есепті қысқартқанымен, қазақстандық спортшы сетті тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Екінші сетте Елена қарқынын тіпті үдетті – 6:1.

1,5 сағатқа жуық уақытқа созылған матч кезінде Рыбакина 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жібермеді. Қарсыласы 4 эйс, 1 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған