Сенсация жасаған британдық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды

Сурет: Instagram/gggboxing
Орта салмақтағы британдық боксшы кіші Крис Юбэнк өзінің отандасы Лиам Смитті жеңгеннен кейін атақты жерлесіміз Геннадий Головкинге үндеу тастады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мен GGG-мен рингке шыққым келеді. Оның қазір қайда екенін білмеймін, бірақ Геннадий қайда жүрсең де айтайын, бар атақтың сенің қолында жүргеніне көп болды. Мен солардың бірін алып, сені жеңгім келеді! 100 пайыз", деп Sports.kz жеңісінен кейінгі кіші Юбэнктің сөзін келтіреді. 


Айта кетсек, Головкин ресми түрде әлем чемпионы атағының барлығынан айырылған. 

Юбэнк пен Смит Манчестердегі (Ұлыбритания) бокс кешінде басты жекпе-жекті өткізді. Бұл жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған болатын, бірақ ол көпке созылмады. 10-раундта Юбэнк техникалық нокаутпен қарсыласын ұтып кетті. Төртінші раундта Смит нокдаунға ұшыраған болатын. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Болашақ" стипендиясы иегерлерінің тізімі жарияланды