US Open-2023 турнирі сенсациямен аяқталды: Кори Гауфф стадионды дүр сілкінтті

Сурет: WTA
Америкалық Кори Гауфф (әлемнің алтыншы ракеткасы) US Open-2023 финалында Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) ұтып кетіп, турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гауфф өз мансабында алғаш рет теннистен АҚШ-тың ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

Ойын 2:6, 6:3, 6:2 есебімен аяқталды.

Кездесудің ұзақтығы 2 сағат 5 минутты құрады. Осы уақыт ішінде Гауфф екі эйс жасады, бес қос қателікке жол жіберді және тоғыз брейк-пойнттың бесеуін сәтті жүзеге асырды.

Соболенконың болса, төрт эйс орындап, алты қос қателікке жол берді және 10 брейк-пойнттың төртеуін орындай білді.

Турнирде жеңіске жеткен Гауфф 2000 рейтингтік ұпай және 3 миллион доллар жүлде алады. Соболенко өз кезегінде 1300 рейтингтік ұпай мен 1,5 миллион доллар жүлде қорына иелік етпек. 


Бұған дейін Гауфф неміс теннисшісі Лаура Зигемундты (121-орын) 3:6, 6:2, 6:4, ресейлік Мирра Андрееваны (63-орын) 6:3, 6:2, бельгиялық Элиза Мертенсті (32-орын) 3:6, 6:3, 6:0, даниялық Каролин Возняцкиді (623-орын) 6:3, 3:6, 6:1, латвиялық Елена Остапенконы (21-орын) 6: 0, 6: 2 және чех теннисшісі Каролина Мухованы (10-орын) 6: 4, 7:5 есебімен жеңген болатын.

Турнир қорытындысы бойынша Гауф әлемнің үшінші ракеткасы болады, ал Соболенко WTA рейтингінде көш бастайды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

AMANAT мүшелері "Әділет" партиясына қалай өтеді

"Құрметті азамат" атағы кімдерге және қалай беріледі