Қазақстан құрамасы "Дэвис Кубогының" плей-офф кезеңіне дайындықты бастады

16-17 қыркүйекте Софияда жергілікті Ұлттық теннис орталығының топырақ төсеніші кортында Қазақстан құрамасы Болгария құрамасымен Дэвис кубогының плей-офф матчтарын өткізеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандықтар жаттығуды бастап та кетті: бір күн бұрын капитан Юрий Щукин бастаған командамыз: Александр Бублик, Тимофей Скатов, Михаил Кукушкин, Андрей Голубев және Александр Недовесов Витоша тау жотасының етегіндегі қалаға барды. Бұл командалар арасындағы алғашқы кездесу болмақ. Болгария құрамасы бұған дейін "Дэвис кубогының" финалдық кезеңіне өтіп көрген емес.

Александр Недовесов. Сурет: ktf.kz

Андрей Голубев. Сурет: ktf.kz

16 қыркүйекте жекелей сындағы екі кездесу өтеді. Ал 17 қыркүйекте бір жұптық және тағы екі жекелей матч болады. Осы жолғы жеңімпаз 2024 жылғы ақпан айындағы "Дэвис кубогының" финалдық кезеңінде ойнау үшін мықтырақ қарсыласпен кездеседі.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: