Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылды

Сурет: zakon.kz
Астанада 26 қазан – 3 қазан аралығында өтетін Astana Open ATP 250 турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик жарысты екінші айналымнан бастайды.

Бублик мажарстандық Мартон Фучович немесе аустриялық Себастьян Офнердің біреуімен кездеседі.

Михаил Кукушкиннің алғашқы қарсыласы – португалиялық Нуну Боргеш.

Доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген Нидерланд өкілі Таллон Грикспур бірден екінші айналым матчын өткізеді. Доданың екінші ракеткасы – аргентиналық Себастьян Баэс. Сондай-ақ таңдаулылар қатарында чехиялық Иржи Лехечка (4), америкалық Себастьян Корда (5), франциялық Адриан Маннарино (6), сербиялық Ласло Джере (7), швейцариялық Стэн Вавринка (8) және басқалар бар.

"Былтыр Астанада АТР 500 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны туралы теннисшілерден көп естідім. Мұнда бәрі ұнайды. Өзімнің үздік өнерімді көрсету үшін барымды саламын", - деді чехиялық теннисші Иржи Лехечка.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі