Азия ойындарында спортшыларымыз тағы үш бірдей қола жүлдеге ие болды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қытайда өтіп жатқан Азия ойындары аясында таэквондодан Смайыл Дүйсебай, Жансель Дениз және ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сүйінші жаңалық ҚР Туризм және спорт министрлігінің Telegram арнасында жарияланды.

"Қытайда өтіп жатқан Азия ойындары аясында таэквондодан +80 келіде өнер көрсеткен Смайыл Дүйсебай жартылай финалда қытайлық Жаохианг Сонгке 0:2 есебімен жол беріп, қола жүлдегер атанды".ҚР Туризм және спорт министрлігі

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Таеквондодан 67 келі салмақта бақ сынаған Жансель Дениз жартылай финалда Оңтүстік Корея спортшысы Дабин Лиге 1:2 есебімен ұтылып, 3-орынға ие болды.

Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында ерлер арасындағы жағажай волейболынан жұптық бәсекеде Дмитрий Яковлев/Сергей Богату Иран спортшылары Алиреза Агажанигасаб/Аббас Поурасгариді 2:0 (25:23, 30:28) есебімен ұтты. Еліміздің қоржынына тағы бір қола медаль түсті.

Бүгін 10 метр қашықтықтан жылжымалы нысанаға оқ ату сайысында 18 жастағы Зухра Ирназарова чемпион атанды. Артынша стенд ату турнирінің аралас жұптық сында өнер көрсететін қазақ дуэті Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко алтын медальді жеңіп алғаны белгілі болды.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме