Astana Open 2023: Адриан Маннарино турнирдің жеңімпазы атанды

Сурет: ktf.kz
Астанада ATP 250 санатындағы турнирі аяқталды. Бүгін, 3 қазанда жекелей және жұптық сындағы финалдық матчтар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Жекелей сында 35 жастағы француз теннисшісі, әлемнің 34-ракеткасы Адриан Маннарино 23 жастағы АҚШ өкілі, әлемнің 28-ракеткасы Себастьян Корданы 4:6, 6:3, 6:2 есебімен жеңді. Бұл - Маннариноның карьерасындағы төртінші ATP 250 титулы.

Франциялық теннисші осымен Astana Open турнирінің финалына үшінші рет шығып отыр. Ол 2020 жылғы финалда Джон Миллманнан (Аустралия) 5:7, 1:6 есебімен жеңіліп қалды, ал былтыр ол жұптық сын бойынша финалға дейін жетіп, онда отандасы Фабрис Мартинмен бірге хорватиялықтар Никола Мектич/Мате Павичтан жеңіліп қалды (4:6, 2:6).

Ал биыл жұптық сында америкалық теннисшілер жеңімпаз атанды. Натаниэль Лэммонс пен Джексон Уитроу хорватиялық Мэте Павич пен аустралиялық Джон Пирсті 7:6 (7:4), 7:6 (10:7) есебімен ұтты. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Сурет: ktf.kz


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды