Қазақстан құрамасы Азия ойындарында медаль саны бойынша нешінші орынға тұрақтады

Сурет: olympic.kz
8 қазан күні таңертең Қытайдың Ханчжоу қаласында жазғы Азия ойындарының жарыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz .

Азия ойындарының соңғы күнінде небәрі екі медаль сарапқа салынды. Синхронды жүзуден Қазақстан құрамасы қола жүлдегер атанса, каратэші Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыстың финалына шығып, тартысқа толы финалда Қытай Тайбэйінің өкіліне есе жіберді.

Қазақстан құрамасы Азия ойындарында барлығы 80 жүлде жеңіп алды: 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. Медаль саны бойынша есепте біздің құрама 11-орынға тұрақтады.

Қазақстан құрамасы үшін спорттың 30 түрінен 525 спортшы бақ сынады. Айта кетейік, біздің құрама Азия ойындарына 1994 жылдан бері қатысып келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды