Азия ойындарының соңғы жарыс күні: Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль жеңіп алды

Мөлдір Жаңбырбай, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.10.2023 10:30 Сурет: Ұлттық олимпиада комитеті
Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарының соңғы күнінде қазақстандық каратэшісі Мөлдір Жаңбырбай қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол (50 келі) финалды тайпейлік спортшыдан жеңілді. 

Бұл – Ханчжоудағы (Қытай) ⅩⅨ Азия ойындарындағы Қазақстан құрамасының соңғы медалі.

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 80 медаль бар – оның 10-ы алтын, 22-сі күміс және 48-і қола. Жалпы есепте біздің құрама 11-орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасынан спорттың 30 түрінен 525 спортшы қатысты. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия ойындарына 1994 жылдан бері сегізінші рет қатысып келеді.

Жазғы Азия ойындары 2023 жылдың 23 қыркүйегі мен 8 қазаны аралығында өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: