Александр Бублик Бельгиядағы жарыстың финалына шықты

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик Антверпен (Бельгия) ATP 250 турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген Бублик жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 127-орында тұрған германиялық Максимилиан Мартерермен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші бірдей брейк жасап, 2:0 есебімен алға кетті. Сол басымдылықты сақтап қала алды – 6:4.

Екінші сетте есеп 3:3 болған мезетте Бублик тағы бір брейкке қол жеткізді. Ақыры матчты жеңіспен түйіндеді – 6:4.

Александр Бублик финалда рейтингіде 38-сатыдағы франциялық Артюр Фиспен бас жүлдені сарапқа салады. Матч бүгін, 22 қазанда Астана уақытымен 20:30-да өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды