Ұлттық құрама Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі алғашқы ойында Аустралиямен ойнайды

Сурет: Спортты дамыту дирекциясы
Испанияның Севилья қаласында Билли Джин Кинг Кубогының финалдық кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

В тобына түскен Қазақстан құрамасының ойын кестесі мынадай:

Қазақстан – Аустралия (9 қараша, Астана уақытымен сағат 15:00)

Қазақстан – Словения (10 қараша, сағат 15:00)

Ұлттық құрама сапында Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Анна Данилина, Жібек Құламбаева мен Аружан Сағындықова бар. Соңғысы үшін бұл халықаралық деңгейдегі ең ауқымды алғашқы жарыс саналады.

Биылғы турнирдің ақтық кезеңіне барлығы 12 ел жолдама алды. Қазақстан сәуір айында Астанада Польшадан басым түсіп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өткен.

Севильядағы бәсеке 12 қарашада мәресіне жетеді. Командалық әлем чемпионаты аталып кеткен турнирдің жалпы жүлде қоры - 9,6 миллион АҚШ доллар. 

Еске салайық, былтыр Шотландияның Глазго қаласында өткен Билли Джин Кинг Кубогының финалды кезеңінде Қазақстан С тобында Испания және Ұлыбритания құрамасымен шеберлік байқасқан.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады