Өз алаңында "Балқаниды" қабылдамақ "Астана" командасының бастапқы құрамы анықталды

Сурет: Instagram/fca.astana
Конференциялар лигасының топтық кезеңі аясында 9 қарашада "Астана" өз алаңында Косовоның "Балкани" командасын қабылдайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана" мен "Балкани" командаларының бастапқы құрамы анықталды:

"Астана": Чондрич, Досмағамбетов, Аманұлы, Марочкин, Бейсебеков, Оганесян, Қуат, Эбонг, Урега, Томасов, Дарбо;

"Балкани": Количи, Потоку, Яшаница, Деллова, Траши, Зиба, Куч, Халили, Крьезю, Хамиди, Грипши.


9 қарашада "Астана" футболшылары өз алаңында УЕФА Конференциялар лигасының топтық кезеңінің төртінші турында Косовоның "Балкани" командасымен ойнайды. 

Командалардың алғашқы кездесуі екі апта бұрын Приштинада (Косово) өтті және Қазақстан 2:1 есебімен қарсыластарын ұтты. "Астана" сапындағы гол авторлары Камо Оганесян мен Абзал Бейсебеков болды.

Косово командасы "Астананың" бұл жеңісін кездейсоқ деп санап, бүгін Конференциялар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алу үшін реванш жасауға ниетті.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы