Қазақстан самбодан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті

Сурет: Instagram/drs_kz
Арменияда самбодан 48-әлем чемпионаты аяқталды, жарыстың соңғы күні спортшы қызымыз Арайлым Әбенова алтыннан алқа тағып, тарихи жеңіс алып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Самбодан Ереванда өтіп жатқан әлем чемпионатының шешуші күнінде аса ауыр салмақта әйелдер арасында бақ сынаған Арайлым Әбенова финалда Ресей спортшысы Жанара Кусанованы 6:0 есебімен айқын жеңді, деп жазды Спортты дамыту дирекциясының сайты.

Осылайша, ауыр салмақта қазақ қыздары арасында Әбенова алғаш болып жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

2023 жылғы Әлем чемпионатының тарихи алтынына жету жолында Арайлым филиппиндік Сидней Си (1/4 финал) мен румыниялық Бланка Проданды (жартылай финал) жеңді.

Сурет: Instagram/drs_kz

Қазақстан құрамасы үшін Әбенованың медалі самбошыларымыздың 1992 жылдан бастап әлем чемпионаттарына қатысу тарихындағы 27-алтын жүлдесі болды.


65 елдің спортшысы қатысқан самбодан 2023 жылғы Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Ресей мен Өзбекстанға жол беріп, жалпы есепте үшінші орын алды. Бізде бір алтын, екі күміс және бес қола бар. 

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды