Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде Германия, Ұлыбритания, Польшаны басып озды

Сурет: ktf.kz
Халықаралық теннис федерациясы әлемдегі әйелдер құрамалары арасында жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, командалық әлем чемпионатының қорытындысымен қазақстандық құрама дүниежүзілік рейтингте 9-орынға жайғасты.

Испанияның Севилья қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңінде командалар үш-үштен төрт топқа бөлініп, шеберлік байқасты. Қазақстан Словениядан қалып қойғанымен, өз тобында Аустралияны артқа тастап, екінші орынға ие болды. Сөйтіп, үздік сегіз команданың қатарына енді. Бірақ барлық құрамалардың көрсеткіштерін және бұрыннан жинаған ұпайларын есептегенде, қазақстандықтар 9-сатыға тұрақтады.

Қазақстан командасы Германия, Словакия, Румыния, Бельгия, Ұлыбритания, Польша секілді елдерді басып озды.

Қазақстан әйелдер құрамасы биылғы сәуірде өзінің ең үздік көрсеткіші – жетінші орынға көтерілген еді.

Әлемдік рейтингіде биылғы Билли Джин Кинг кубогын өз тарихында алғаш рет жеңіп алған Канада көш бастады. Одан кейін Аустралия, Швейцария, Чехия, Италия, Франция, Испания, АҚШ, Қазақстан және Германия командалары орналасты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды