Голдар:
- 19-минут: Ислам Чесноков (1:0);
- 51-минут: Ислам Чесноков (2:0);
- 60-минут: Симоне Франчиози (2:1);
- 90+2-минут: Абат Айымбетов (П) (3:1).
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Арена" стадионына Қазақстан құрамасын қолдап барды.
Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де барды.
Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.
Президент матчтан кейін шарфын стадиондағы кішкентай жанкүйерге тарту етті.
Сурет: akorda
Ойынды тамашалау үшін стадионға 30 100 жанкүйер жиналды.
Сурет: akorda
Қазақстан футбол федерациясы командаға трибуналардан берген керемет күш пен қолдау үшін жанкүйерлерге алғыс айтты.
Сурет: Қазақстан футбол федерациясы
Жанкүйерлер еріктілермен бірге матчтан кейін стадионның қоқысын жинап кетті.
Сурет: Астана әкімдігінің сайты
Бұл - Қазақстанның Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі алтыншы жеңісі. Қазір Қазақстанның қоржынында 18, Словения мен Данияда 19 ұпайдан бар.
Осылайша, Қазақстан құрамасы 2024 жылы өтетін Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігін сақтап қалды. Енді қазақстандық футболшылар 20 қарашада Любляна қаласында Словениямен соңғы ойынды ойнады. Бәрі осы ойында шешіледі...