Қазақстан-Сан-Марино матчы: астаналықтар мен еріктілер ойыннан кейін стадиондағы қоқысты жинады
Сурет: Астана әкімдігінің сайты
Астанада жанкүйерлер еріктілермен бірге Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы матчтан кейін стадионның қоқысын жинады, деп хабарлайды Zakon.kz қаланың ресми сайтына сілтеме жасап.
Астаналық еріктілер мен жанкүйерлер Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасының Сан-Марино командасына қарсы матчынан кейін "Астана Арена" стадионында қоқыс жинады.
"Футбол жанкүйерлері мен елорда тұрғындарының белсенділігі ғана емес, олардың тазалығы кімді болмасын таң қалдырды. Өйткені тазалық жұмысына "Астана жастары" КММ белсенділері мен еріктілері де, Астананың тұрғындары да атсалысты". Астана әкімдігі
Еске салайық, футболдан Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны жеңді. Есеп 3:1.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript


