Ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін Димаш Құдайберген де стадионға келді

Димаш Құдайберген, Астана арена, футбол, Қазақстан-Сан-Марино, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 21:33 Сурет: Ақорда
17 қарашада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына келгені белгілі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда баспасөз қызметі Telegram-дағы арнасында Мемлекет басшысымен бірге ұлттық құрамаға қолдау білдіру үшін даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де келгенін де нақтылап, суреттер жариялады. 

Сурет: Ақорда

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Ақорда баспасөз қызметі таратқан суреттерден белгілі болғандай, Димаш Құдайберген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге футбол тамашалауда. Әлемге танымал қазақ әншісі Президенттің сол жағынан орын алған.


Сурет: Ақорда

Қазақстан туы, Астана арена, футбол, Қазақстан-Сан-Марино, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.11.2023 21:33

Сурет: Ақорда

Стадионда ине шаншар бос орын жоқ.

Сурет: Ақорда

Соңғы мәліметерге сүйенсек, осы уақытта болып жатқан Қазақстан-Сан-Марино кездесуінде есеп ашылып үлгерді. Есеп: 1:0. Гол авторы - Ислам Чесноков.

Айта кетсек, алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін "Астана Арена" стадионына келгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: