Қазақстандық әскери қызметкер джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Абай гарнизоны 28738 әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Мерхат Тұяқов Әбу-Дабиде өткен халықаралық турнирде әлем чемпионы атанды. 85 келі салмақ дәрежесінде күш сынасқан спортшы жеті белдесу өткізіп, оның барлығында айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мерхат Тұяқов Ресей, Бразилия, Уругвай, Біріккен Араб Әмірліктері, Иран және Оңтүстік Корея спортшыларымен жекпе-жекте жеңімпаз атанды.

"Төрт қарсыласын мерзімінен бұрын жеңсе, қалған үш спортшыны ұпай санымен ұтты. Ал, алтын жүлде үшін белдесуде Мерхат Тұяқов Ресей Федерациясының спортшысын жеңді", – делінген ҚР Қорғаныс министрілгі таратқан хабарламада.

Мерхат Тұяқов джиу-джитсумен бес жылдан бері айналысады. Алайда мұндай әлемдік додадаға спортшымыз алғаш рет қатысып отыр. Бұған дейін ол еркін күрес, қоян-қолтық ұрыс сынды спорт түрлерімен айналысқан.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін