Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалады

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 32-ракеткасы Александр Бублик 2023 жылғы маусымдағы өнерін үздік деп бағалайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші биыл екі турнирде жеңіске жетті.

Алдымен маусым айында Галле (Германия) ATP 500 жарысында финалда ресейлік Андрей Рублевті ұтып, чемпион атанды. Содан кейін қазанда Антверпен (Бельгия) ATP 250 додасында соңғы бәсекеде франциялық Артур Фисті жеңді.


"Шынында да бұл мен үшін үздік маусым болды. Осыған дейін мұндай титулдарға ие болған жоқпын. Оның үстіне рейтингте бұлай көтерілмеп едім. Дегенмен жыл бойы қиындықтар болмай қалған жоқ. Өз ойынымды табу қиынға соқты. Тек Галле турнирінде ұзақ уақыт бойы жаттыққанымның жемісін көре алдым. Тұрақты өнер көрсеттім. Сөйтіп өз спорттық жолымдағы үздік нәтижеге қол жеткіздім", - деді Александр Бублик.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді