Australian Open: Рыбакина мен Путинцева турнирге қатысуға өтініш бергендердің тізіміне енді

Сурет: eurosport.fr
2024 жылғы Аустралия ашық чемпионатынына кімдердің қатысатыны белгілі болды. Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева 14-28 қаңтар аралығында өтетін Australian Open-2024 турниріне қатысушылардың тізіміне енді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тізімді әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентек (Польша) бастап тұр. Елена Рыбакина турнирде төртінші нөмірмен, ал Путинцева 67 нөмірмен ойнайды.

Өтініш бергендердің толық нұсқасын мына жерден көруге болады.

Елена Рыбакина 2023 жылғы Аустралия ашық чемпионатында финалға дейін жетіп, онда Арина Соболенкодан жеңіліп қалды 6:4 3:6 4:6.

Ал Юлия Путинцева Australian Open 2023 турнирінің екінші айналымда чехиялық теннисші Каролина Плишковаға есе жіберді - 0:6, 5:7.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан теннисінің жас жұлдыздары Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова жасөспірімдер арасында Аустралия ашық чемпионатында ойнайтынын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Даниал Рахматуллаев, Виталий Зацепин, Ілияс Маратұлы және Айя Нұпбай іріктеу сайыстарында бақ сынайды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды

Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болды