Футболдан клубтар арасындағы ӘЧ-2023: Ойын кестесі жарияланды

Сурет: Instagram/fifaworldcup
12 желтоқсанда Джидда қаласында (Сауд Арабиясы) футболдан 2023 жылғы клубтар арасындағы әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Биылғы жылдың әлемдегі ең үздік команда атағы үшін қауымдастықтардың негізгі клуб турнирлерінде суырылып, үздік атанған 7 ұжым өзара таласады, деп хабарлайды FIFA-ның баспасөз қызметі.

  1. "Әл – Иттихад" (Сауд Арабиясы)- ел чемпионы, КӘЧ-2023 қожайыны.
  2. "Манчестер Сити" (Англия) – УЕФА Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
  3. "Флуминенсе" (Бразилия) – Либертадорес кубогының жеңімпазы.
  4. "Урава Ред Даймондс" (Жапония) – Азия Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
  5. "Леон" (Мексика) – КОНКАКАФ Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
  6. 6. "Әл-Ахли" (Мысыр) - Африка Чемпиондар лигасының жеңімпазы.
  7. Окленд Сити (Жаңа Зеландия) – Океания аймағының Чемпиондар лигасының жеңімпазы.

Клубтар арасындағы турнирдің ашылу матчы 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 00:00-де болады. "Әл-Иттихад" пен "Окленд Сити" өзара бақ сынасып, ойын өрнегін көрсетеді.

Матч № 3, 15 желтоқсан: (20:30). "Леон" - "Урава Ред Даймондс".

Матч № 2, 16 желтоқсан: (00: 00). "Әл-Ахли" және "әл-Иттихад" пен "Окленд Ситидің" бірімен ойнайды. 

19 желтоқсан: (00: 00). Жартылай финал - №1. "Флуминенсе" мен № 2 матчтың жеңімпазы.

20 желтоқсан: (00: 00). Жартылай финал - №2. "Манчестер Сити" мен №3 матчтың жеңімпазы.

22 желтоқсан, (20:30). Үшінші орын үшін талас.

23 желтоқсан (00:00). Финал.

Клубтар арасындағы қазіргі чемпион Мадридтің "Реалы" болып табылады. Өткен турнирдің шешуші жекпе-жегінде чемпион атанған клуб Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" командасын 5:3 есебімен жеңген болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі