"Чемпиондар түні" бокс кеші: Санжар Тәшкенбай Өзбекстан боксшысын жеңді

Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan
Астанада Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) "Чемпиондар түні" бокс кешінде Санжар Тәшкенбай Өзбекстан өкілі Нодиржон Мырзахмедовпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай өзбектің тәжірибелі бокшысынан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Тәшкенбай мен Мырзахмедов алты раундқа белгіленген жекпе-жекте (үш минуттан) жұдырық түйістірді. Төрешілердің шешімімен Қазақстан боксшысы жеңіске ие болды. 

Айта кетсек, Санжар Тәшкенбай қазіргі әлем чемпионы: ол Ташкенттегі 2023 жылғы Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған болатын. Нодиржон Мырзахмедов болса, ол 2019 және 2021 жылдары екі рет Азия чемпионы атанған. 

Бұл кештің басты оқиғасы - Данияр Елеусінов пен ОАР боксшысы Джабулани Макхенс жекпе-жегі екенін еске сала кетелік. 

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады