"Қазақтың Ломаченкосы" деген атпен танымал Махмұд Сабырхан кубалықты рингте қуып жүріп, "сабады", деп хабарлайды Sports.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қос боксшы алты раунд өткізді. Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңіс Сабырханға тиесілі деп көрсетті.
Айта кетсек, Махмұд Сабырхан қазіргі әлем чемпионы, ол биыл Ташкентте (Өзбекстан) өткен Әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әуесқой бокстан Сабырхан 2021 жылы Әлем чемпионатының күміс медалын иеленген болатын.
Айта кетсек, бұған дейін Санжар Тәшкенбай өте тәжірибелі Өзбекстан боксшысын жеңгенін хабарлаған болатынбыз.