"Паспорт алуға құжаттарын тапсырды". Ресейлік тенисші Қазақстан атынан өнер көрсетпекші

Сурет: Global Look Press
Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті, Азия теннис федерациясының (ATF) президенті Юрий Польский ресейлік Александр Шевченконың Қазақстан туы астына өтетіні жөнінде әңгімеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Иә, Шевченконың Қазақстан үшін ойнағысы келетініне көп болды.  Ол бізге сондай өтініш берді. Александр көптен бері Словакияда өздігінен жаттығып жатыр. Ол біздің ойыншыларымызды жақсы біледі, бізде теннистің жүйелі түрде жолға қойылғанын, команданың әр мүшесіне көзқарас ерекше екенін түсінеді. Сондықтан осы қатарға қосылғысы келеді. Барлық құжат дайын деуге болады. Паспорт алуға құжаттарын тапсырды. Таяу уақытта бұл мәселе қаралып, ол АТР жарыстарында Қазақстан атынан өнер көрсете алады. Бірақ ұлттық құрама сапында Александр Шевченко азаматтық алғаннан соң екі жылдан кейін ғана ойнай алады – ITF-дағы жалпы тәртіп осындай". Юрий Польский

Айта кетейік, 2000 жылы 19 қарашада туған ресейлік теннисші. ATP санатындағы бір турнирдің финалисі. Ол дәл қазір ATP рейтингінде 48-орында тұр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі