Кәсіби теннисшілер қауымдастығы Астанадан Алматыға ATP 250 турнирін ауыстыруды бекітті

Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) Астанадан Алматыға бірінші ATP 250 турнирін ауыстыруды бекітті. АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес Almaty Open 2024 жылғы 13-20 қазан аралығында өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
"Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады. Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағында мерекелік көңіл-күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі".  Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов

ATP 250 жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі. Аталмыш санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады. Алдағы Almaty Open ATP турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.

 Бірінші жыл сайынғы ATP 250 турнирі Астанада 2020 жылы өткізілді. 2022 жылы турнир деңгейі бір рет ATP 500-ге көтерілді. Онда қатысушылар кілең жұлдыздар еді: Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач, Андрей Рублев және басқалар. Қазақстандық жарыс жыл сайын 110-нан астам ел аумағында көрсетіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды