Қазақстандық Ева Корышева Аустралиядағы жарыстың финалисі атанды

Сурет: ktf.kz
Аустралия ашық чемпионатына орайластырылған "Мельбурн парк" корттарында Asla-Pacific Elite 14 & Under Trophy жасөспірімдер турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Zakon.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Қазақстандық, 14 жастағы Ева Корышева беделді жарыста табысты өнер көрсетті.

Ақтөбе теннис мектебінің түлегі тек финалда тартысты матчта корт иесі Эмили Ченге есе жіберді — 6:2, 4:6, 4:6.

Кеше жаңбырға байланысты барлық матч кейінге қалдырылғандықтан, қазақстандық спрртшыға бүгін жартылай финалды бітіріп, соңғы бәсекеге шығуына тура келді.

Ева Павел Цойдың қарамағында жаттығады. Былтыр 24 кездесудің 19-ында (83%) жеңіске жетіп, рекордтық нәтиже көрсеткен.

Жылды Tennis Europe рейтингісінде 18-орынмен аяқтаған еді.

Сондай-ақ ол Еуропа теннис қауымдастығының "Жылдың үздік шетелдік ойыншысы" (Еуропа одағына кірмейтін елдерден) сыйлығын алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Филиппиндегі жер сілкінісінен кейін теңіз түбі екі метрге көтерілді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматы полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

"Әділет" партиясы AMANAT құрамына қосылады: партия съезі бірауыздан қолдады

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – 2024. Толық мәтін