Арина Соболенко екінші жыл қатарынан Australian Open чемпионы атанды

Сурет: instagram.com/australianopen
Әлемнің екінші ракеткасы, Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тағы да Australian Open чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол финалда әлемнің 15-орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэньмен бас жүлдені сарапқа салды.

Беларусь теннисшісі қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.

Арина Соболенко бір сағаттан астам уақытқа созылған матч кезінде үш эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды. Ал Чжэн Циньвэнь алы эйс пен алты қос қателік жасады.

Айта кетейік, Арина Соболенко әйелдер арасындағы жекелей сында екінші жыл қатарынан Australian Open чемпионы атанып отыр.

Ол былтырғы финалда қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны үш сетте жеңген еді.

Чжэн Циньвэнь Аустралия ашық біріншілігіндегі осы нәтижесінен кейін дүниежүзілік рейтингіде 15-орыннан 7-орынға көтеріледі. Ал Арина Соболенко 2-орнын сақтап қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған