Париж олимпиадасы: Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина көркем жүзуден жолдама жеңіп алды

Сурет: Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі
Су спорты түрлерінен Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионатында көркем жүзуден лицензия иегерлері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Командалық сайыс қорытындысы бойынша Париж Олимпиадасының 5 жолдамасы ойнатылып, АҚШ, Испания, Жапония, Италия, Канада елдеріне квота бұйырды. Ал командалық сайыста жолдама алған мемлекеттер дуэт сайысында да автоматты түрде қатысады. Қалған квоталар 5 құрлықтың үздіктеріне үлестіріледі.

Осыған орай, дуэт бағдарламасында Азия құрлығынан ең үздік нәтиже көрсеткен Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында бақ сынауға мүмкіндік алды, Ясмин Тұяқова мен Арина Пушкина жұбы Ханчжоудағы жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері ретінде Олимпиадаға өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Азия ойындары: 23 қыркүйекте ел намысын кімдер қорғайды