Александр Бублик алғаш рет әлемнің 20-ракеткасы атанды

Сурет: ktf.kz
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жаңартылған рейтингіні жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен аптада Дубай АТР 500 турнирінің финалына дейін жеткен Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Александр Бублик рейтингіде 23-тен 20-ға көтерілді.

Бұл — оның спорттық жолындағы ең үздік, рекордтық көрсеткіші.

Тағы бір қазақстандық Александр Шевченко 47-ден 51-ге сырғыса, Тенерифе (Испания) челленджер жарысының жеңімпазы атанған Михаил Кукушкин 165-тен 140-қа жоғарылады. 

Денис Евсеев 179-дан 180-ге, Бейбіт Жұқаев 190-нан 191-ге түсіп қалды. Дмитрий Попко 309-дан 276-ға, Тимофей Скатов 272-ден 269-ға шықты. 

Жұптық сында Александр Недовесов 49-дан 45-ке көтерілсе, Андрей Голубев 70-тен 71-ге төмендеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды