Олимпиадаға іріктеу турнирі: Алуа Балқыбекова 1/4 финалға жолдама алды

Сурет: olympic.kz
Алуа Балқыбекова лицензиялық турнирдің 1/4 финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

50 келі саллмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық спортшы Оңтүстік Корея елінің өкілі Джунг Хюнг Чонгпен кездесті.

Ол қарсыласын 4:1 есебімен жеңді. 

Иә, шамалы өзгеріс бар. Бірінші жекпе-жектен кішкене қиындау болды. Психологиялық тұрғыдан да кішкене қиындау болды. Корея мемлекетінің қызы тактикасы, техникасы менікіне сәл ұқсас болды. Енді соңғы қадам қалды. Жақсылап дайындаламыз. Қарсыластарымыздың бокстасып болғанын күтеміз. Одан кейін өзіміздің қателіктерімізбен жұмыс істеп, қарсыластамызға тактика құрамыз, - деді ол жекпе-жектен кейін берген сұхбатында.  

Еске салайық, бұған дейін Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Италияға арнайы барып, бүгін боксшылармен кездесті. Ол спортшыларға іріктеу турнирінің ең жауапты кезеңі алдында кеңесін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды