Олимпиада жолдамасын ұтып алған отандық спортшы TikTok-та да өте танымал болып шықты

Сурет: Instagram/sertayyerlik
Семсерлесуден өз құрамасымен бірге 24 наурызда Парижде өтетін Олимпиада жолдамасын ұтып алған отандық спортшы Ерлік Сертай TikTok-та да өте танымал болып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір жарым жылдан бері Ерлік TikTok парақшасында семсерлесумен байланысты түрлі әрі қызықты видеолар орналастырып, көптің жүрегін жаулап келгені белгілі болды. Миллионнан астам лайық жинаған видеоларда спортшы өмірінің кәсіби қырын танытып, аталған спорт түріне қатысты кез-келген сұрақтарға жауап беріп отырады. 

Мысалы, Ерлік "Етік киген мысықтың" семсерлесу тәсілдерін түсіндіріп, тіпті егер ол сол қылыш қаруы жаппай қолданылған заманда өмір сүрсе, олардың арасындағы ықтимал жекпе-жектің қалай болатынын да болжаған. Ал төмендегі видеода ол Wednesday атты атақты сериалда кейіпкердің семсерлесу кезінде шекесі неге қанағанын түсіндіреді.


Ерліктің 10-нан астам видеосы 1 миллионнан астам қаралым жинаған. 8 миллионға дейін қаралған видеосы да бар. Әзірге оның 40 мың жазылушысы бар және барлық видеосы орташа есеппен 2,4 миллион лайық жинаған. Ал Instagram-дағы парақшасының белсенді жүргізіліп отырғанына қарамастан, ондағы көрсеткіштер әлдеқайда қарапайым. Бірақ Ерліктің жанкүйерлерінің пікірінше, бұл - уақытша мәселе.

24 наурызда семсерлесуден Қазақстан командасы Париждегі Олимпиада жолдамасын ұтып алды, бұл осы спорт тарихындағы алғашқы жетістік екенін тағы да атай кетелік. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді