Елена Рыбакина Майамиде әлемнің экс-бірінші ракеткасымен ойнайды

Сурет: ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина Майами (АҚШ) WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның көшбасшы теннисшісі ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен сынға түсті.

Қарсыластар осыған дейін өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина жеңген еді. Бұл жолы бірінші партияда Елена 4:2 есебімен алға шыққанымен, Мария ізінше брейк жасады. Дегенмен қазақстандық теннисші тағы бір брейкпен түйіндеді – 7:5.

Екінші сетте керісінше Саккари алға кетті – 3:1. Дегенмен Рыбакина таразы басын теңестіре алды – 4:4. Содан кейін есеп 5:4 болып, қарсыласы доп бергенде, екі бірдей матчболды мүлт жіберді – 5:5. Тай-брейкте Саккари сәтті ойнады – 7:6 (7:4).

Үшінші, шешуші сетте есеп 3:3 болған мезетте Елена брейк жасай білді – 4:3. Ақыры өзі доп бергенде, бесінші матчболын пайдаланды – 6:4.

Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 32-ракеткасы, Беларусь өкілі Виктория Азаренкомен кездеседі. Ол ширек финалда тағы бір қазақстандық Юлия Путинцевадан басым түсті. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды