Бокстан Бакудегі турнир: екі боксшымыз финалға шықты

Сурет: olympic.kz
Әзербайжан астанасы Бакуде бокстан "Ұлы Жібек жолы" халықаралық турнирі жалғасып жатыр. Бүгін төрт қазақстандық боксшы финал жолдамасын сарапқа салады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшылар Теміртас Жүсіпов пен Тимур Қабдеш (54 келі) Бакуде өтіп жатқан турнирдің финалына шықты. Олар жартылай финалда ресейлік қарсыластарын жеңді.

Жартылай финалда ресейлік Адам Әлиевпен кездескен жерлесіміз Теміртас Жүсіпов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жек басталғаннан өз мәнерінде бірінші нөмірде жұдырықтасқан Теміртас алдымен қарсыласын біраз аңдып бақты. Ал екінші раундта үстемдігін үстемелей түсіп, сериялық соққыларын қарсыласына жақсы өткізді. Үшінші раундта да Жүсіпов қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Бірақ бұл жолы ресейлік боксшы шабуылға шығуға мәжбүр болды. Өйткені есепте жеңіліп жатқан еді. Нәтижесінде қарсыласын әдемі күтіп алып, Адам Әлиевтің адуынын бірден басып тастап отырған Жүсіпов Баку бәсекесінің финалына жолдама алды.

54 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында ресейлік Максим Кузнецовпен жұдырықтасқан Тимур Қабдешов финалға жолдама алды. Алғашқы екі раундта ұпайын түгендеп алғар жерлесіміз үшінші раундта екінші нөмірде жұдырықтасып, мұнда да үстемдігін көрсетті.

Бұған дейін Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақта турнирдің финалына шыққан болатын. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Алматы мен Шымкентте аптап ыстық болады, Астанада нөсер жауады: тамыздың алғашқы күндеріне болжам

Зейнетақы аннуитеті арқылы БЖЗҚ-дағы ақшаны шығарып алуға болады ма - сарапшы

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады