Юлия Путинцева Мадрид мастерс турнирінің екінші айналымына өтті

Сурет: ktf.kz
Юлия Путинцева Мадрид (Испания) WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін әлемнің 37-ракеткасы, қытайлық Юань Юэмен сәтті өткізді.

Бірінші партияда Юлия екі брейкпен қарсыласының қадамын аштырмады – 6:2.

Есесіне екінші сетте қытайлық теннисші 3:0 есебімен алға кетті. Бірақ Путинцева дер кезінде жинала білді – 6:4.

Бір сағат 27 минутқа созылған бәсеке барысында ол 7 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Юань Юэ 1 эйс, 1 брейкпен (9 брейк-пойнт) шектелді. Путинцеваның екінші айналымдағы қарсыласы бұдан да азулы болмақ. Ол әлемнің 8-ракеткасы, тағы бір қытайлық Чжэн Циньвэньмен сынға түседі.

Жарысты екінші айналымнан бастайтын Елена Рыбакина италиялық, әлемнің 46-ракеткасы Лючия Бронцетти немесе рейтингіде 91-орындағы франциялық Варвара Грачеваның біреуімен кездеседі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды